Түркияда 40-тан аса жеке детектив ұсталды
Түркияда 40-тан аса жеке детектив ұсталды
2 жыл бұрын 1189 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: enabbaladi.net

Ыстамбұлда Израилдің Моссад барлау қызметімен байланысы бар деген күдікпен 44 жеке детектив бірден ұсталды. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. A Haber телеарнасының қауіпсіздік қызметіндегі дерек көздерге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, арнайы операцияны Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MIT) мегаполис полициясымен бірлесіп жүргізген. Телеарнаның хабарлауынша, жеке детективтердің атын жамылғандар Израил барлау қызметінің нұсқауымен палестиналықтарды аңдыған, Түркиядағы мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардан ақпарат жинаған. Соның ішінде Түркиядағы жеке детективтер қауымдастығының негізін қалаушы Ысмайыл Етимоғлы да қамауға алынған. Түркия билігі әзірге арнайы операция фактісіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

0 пікір
Мұрағат