Түркия сауықтыру туризмінен 10 миллиард доллар табыс тапты
Түркия сауықтыру туризмінен 10 миллиард доллар табыс тапты
2 жыл бұрын 1380

Бұл елге басқа мемлекеттерден  адамдар тіс емдету, онкология және пластикалық ота жасау үшін келеді. Бұл жайында kaz.orda.kz ақпарат көзі мәлім етеді 

Түркия қысқа мерзімде сауықтыру туризмінен 10 миллиард доллар табыс тапты. Мұндай сандарды Анталияның сауықтыру туризмі және білім беру халықаралық қауымдастығының басшысы Мехмет Канполат атады.

Anadolu хабарлауынша, соңғы уақытта Түркия әлемнің көптеген елдерінің тұрғындары арасында сауықтыру туризмі бойынша сұранысқа ие болды. Ал қазірдің өзінде ел 2023 жылға жарияланған табыс сомасының шегінен асып кетті. 

— Шетелдіктер Түркияға негізінен тіс емдеу, онкологиялық және эстетикалық ота жасату үшін келеді. Соңғы жылдары Түркияда түркітілдес елдерден келген науқастар саны екі есеге артқан. Әлемдегі сауықтыру туризмі нарығының көлемі 100 миллиард долларға жетеді. Соңғы он жылдағы инвестицияның арқасында Түркия сауықтыру туризмі саласында алғашқы бестікке енді,- деді Канполат.

0 пікір
Мұрағат