Түркия MIDLAS тік зымырандық жүйесін сынақтан сәтті өткізді (видео)
Түркия MIDLAS тік зымырандық жүйесін сынақтан сәтті өткізді (видео)
1 жыл бұрын 928 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияда отандық MIDLAS тігінен ұшыру жүйесі сынақтан сәтті өтті. Тігінен ұшыруды HİSAR зениттік-зымырандық жүйесімен (SAM) жүзеге асырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркия президенті әкімшілігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Ысмайыл Темірдің әлеуметтік желідегі жазбасына жөн сілтеген Trend ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ведомство басшысы түрік мамандары кемелерден оқ жаудыратын әуе қорғанысы жүйелерінің негізін салғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол 2023 жылы MIDLAS жүйесінің Стамбул фрегатына біріктіріліп, Түрік Әскери-теңіз күштерімен бірге қызмет ететінін жеткізді. Roketsan компаниясы әзірлеген MIDLAS жүйесінің алғашқы ату сынақтары бейнеленген видео Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

0 пікір
Мұрағат