Түркия Ливандағы бітімгершілік контингентінің мандатын ұзартты
Түркия Ливандағы бітімгершілік контингентінің мандатын ұзартты
2 жыл бұрын 761 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия парламенті түрік әскери контингентінің Ливанда болу мерзімін тағы бір жылға ұзартты. Бұл жайында islam.kz порталы Hurriet ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ливандағы түрік әскері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік контингенті - UNIFIL құрамына кіреді. Түркия өз әскерінің БҰҰ миссиясына қатысуын алғаш рет 2006 жылдың қыркүйегінде мақұлдады. UNIFIL халықаралық бітімгершілік контингенті Ливанға 1978 жылы Израил әскері кеткеннен кейін кірді. Бітімгершілік миссиясының мақсаты – Ливан билігіне діни алауыздық пен араздық жайлаған елде тәртіпті қалпына келтіруге көмектесуге саяды. Ливан аумағында тек сүннит мұсылмандары ғана өмір сүрмейді, сонымен қатар, шиғалар, христиандар және друздар бар. Жалпы алғанда, БҰҰ-ның Ливандағы миссиясында 40 елден 10 600 адам қызмет етіп жүр.

0 пікір
Мұрағат