|
Түркия жаңа зымыранын сынақтан сәтті өткізді (видео)
|
Түркияның жаңа Kara Atmaca қанатты зымыраны ұшу қашықтығына қатысты сынақтарынан сәтті өтті. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түріктердің отандық KTJ3700 қозғалтқышымен жабдықталған, Түркияның қарулы күштеріне 2021 жылы пайдалануға берілген Atmaca кемеге қарсы зымыранының әзірлемесі негізінде құрастырылған. Салмағы 220 келі тартатынн оқтұмсықпен зымыранның ұшу қашықтығы 250 шақырымды құрайды. Таяуда түріктердің Roketsan компаниясының жаңа орта қашықтыққа ұшатын Cenk баллистикалық зымыранын құрастыру жұмыстарын аяқтап қалғаны жөнінде хабар тараған еді. Roketsan көп ұзамай 3000 шақырым қашықтыққа дейін ұшатын жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды