|
Түркия жаңа камикадзе беспилотнигінің прототипін жұртшылық назарына ұсынды (видео)
|
Түркия инженерлері жаңа ұшқышсыз ұшу аппаратының нұсқасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы news-turk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. AZAT (“Азат”) деп аталатын, оператор нақты уақыт аралығында басқара алатын камикадзе дроны әуеде 20 минут бола алады әрі 2,5 шақырым қашықтан бейнені бере алады. Түркиядағы Robit Teknoloji компаниясы құрастырған бұл құрылғы әлі толық жетілдірілген жоқ. Соңғы сатысында тұр. Катарда өткен DIMDEX-2024 әскери-теңіз қорғаныс көрмесінде көрсетілді. Беспилотниктің конфигурациясы, яғни, тұрқы мен пішіні барлауда әрі жау нысанын талқандауда пайдалануға қолайлы. Салмағы шамамен екі келіге дейінгі жүкті алып жүре алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады