|
Түркия ғарышқа зондтаушы зымыранын сәтті ұшырды (видео)
|
Түркия Игнеадағы ұшыру алаңынан ғарышқа зондтаушы зымыранын сәтті ұшырды. Бұл жайында islam.kz порталы Түркияның ғарыш агенттігіне жөн сілтеген gazeteoksijen.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зымыранның негізгі жүйелерін, соның ішінде аса маңызды бөліктерін түріктердің Roketsan корпорациясы құрастырды. Түріктер осылайша алғаш рет 550 шақырым биікті бағындыра алды. Бұл зымыран Roketsan жүзеге асырып жатқан Microsatellite Launch System жобасының ажырамас бөлігіне айналды. Мақсат биіктігі 300-400 шақырымдағы орбитаға шағын жер серіктерін шығаруға саяды. Зымыран 100 келіге дейінгі пайдалы жүкті көтеруге арналған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады