|
Түркия экспорты рекорд орнатты
|
Осы жылдың бас кезінен бері және қазан айында Түркия экспорты рекорд орнатты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің сауда-саттық министрі Омар Болаттың (суретте - ред.) келтірген дерегіне жөн сілтеген TRT Haber телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы айдың өзінде шетелге 22,9 млрд долларға түрік тауары сатылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7,4 пайызға көп. Ал жыл басынан бері экспорт мөлшері 254,4 млрд долларға жеткен. Түркияның сауда-саттық министрі мұндай жетістікке қандай тауарлардың есебінен жеткенін ашып айтпады. Десе де Ресей Федерациясына батыс елдері тарапынан белгілі бір себептерге байланысты салынған санкциядан кейін Түркия параллелді импорттың негізгі арнасына айналған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді