|
Түркия азаматтығын алу жеңілдеді
|
Түркия билігі елдің экономикалық ахуалын ескере отырып, шетелдіктер үшін азаматтық алу талаптарын жұмсартты. Тиісті құжаттың мәтіні Түркия үкіметінің Resmi Gazete ақпарат көзінде жарияланды. Түркия азаматтығын алу үшін бұрынғыдай қалтаңда екі млн емес, 500 мың долларың болса жетіп жатыр. Сондай-ақ, түрік төлқұжатына ие болғысы келген шетелдіктер үшін жылжымайтын мүліктің құны төмендетілді - 1 млн-нан 250 мың долларға дейін. Бұдан бөлек, шетелдік Түркия азаматтығын алу үшін бұрынғыдай 100 адамды емес, 50 адамды жұмысқа алуы керек. Соңында Түркия банктерінде сақтаулы депозит мөлшері де кемітілген: бұрынғыдай 3 млн доллар емес, 500 мың доллар болуы шарт.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді