Түркі елі туыстық некеге басы бүтін тыйым салуы мүмкін
Түркі елі туыстық некеге басы бүтін тыйым салуы мүмкін
1 ай бұрын 577 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

зірбайжан парламенті жақын туыстар арасындағы некеге біржола тыйым салу бастамасын қолдады. Аталған республикада бір-біріне бөле болып келетін, некелескен ағайындылардың қарасы көп. Дегенмен, статистикалық мәлімет көрсеткендей, мұндай отбасында туылған балаларда генетикалық аурулар мен ауытқулар жиі кездеседі немесе тұқым қуалайтын кеселмен дүниеге келгендер саны айтарлықтай көп. Бұл жайында islam.kz порталы Trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы шетін мәселенің қаншалықты ауқымды екенін келесі деректен аңғара аласыз: 2022 жылы 2500-ден астам туыстық неке қиылған, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 200-ге жуық көп.  Парламенттің отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі комитеті мұндай әдетке дереу тыйым салуды енгізу қажет деген қорытындыға келді.  Сонымен қатар, заң жобасында балаларын 16 жасқа дейін некеге тұруға рұқсат берген ата-аналарды жазалау да қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат