Tуристер тастап кеткен қоқысты үйлеріне салып жіберетін болды
Tуристер тастап кеткен қоқысты үйлеріне салып жіберетін болды
1 ай бұрын 510 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таиландтың қоршаған ортаны қорғау министрі Варавут Силпа-арча Бангкок қаласы маңындағы танымал Кхао Яй ұлттық бағында туристер қоқыс жәшігіне тастамай шашып кеткен қоқысты тұрғылықты жеріне салып жіберетінін ескертіп, мәлімдеме жасады. Осылайша аталған ел билігі жауапсыз туристерді жазаламақ. Бұдан былай аталмыш баққа келушілер анкета толтырып, үйінің мекен жайын көрсетуі тиіс. Оларды бақ аумағында қауіпсіздік қызметкерлері бақылау камераларымен қадағалап отырады. Бұл жайында islam.kz порталы ВВС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министр Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында картон пакетке жиналған әрі оны тастаған адамның мекен жайына жөнелтуге дайын қоқыстың фотосын жүктепті. Сондай-ақ, ол ұлттық бақта қоқыс тастаудың жауапкершілігі зор екенін мәлімдеген: бес жылға дейін бас бостандығынан айырудан бастап, аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Осы орайда біз сөз етіп отырған Кхао Яй ұлттық бағы Таиланд астанасы – Бангкок қаласының солтүстік-шығысына қарай орналасқан. Туристер арасында кеңінен танымал бақтың аумағы үлкен - екі мың шаршы шақырымнан асады. Аталған бақтағы қоқыс жануарларға қауіпті. Оны азық еткен жануарлар өліп кетуі де мүмкін.

0 пікір
Мұрағат