|
Түріктердің жойғыш ұшағы америкалық аналогтан техникалық-тактикалық сипаты жағынан басым түсуі мүмкін
|
Келесі жылы түрік мамандары құрастырған, Hurjet деп аталатын алғашқы отандық әскери ұшағы әуеге көтеріледі. Бұл жайында islam.kz порталы haberturk.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркияның қорғаныс өнеркәсібі басқармасының жетекшісі Ысмайыл Темірдің мәлімдеуінше, Ұшақтың алғашқы қондырғыларын шығару үшін желі құрылуда. 2023 жылы түріктердің ұлттық жауынгерлік ұшағы ангардан шығып, көкке көтіріледі. Ысмайыл Темір отандық жойғыш ұшаққа қатысты бұрынғы мәлімдемесінде Hurjet-тің америкалық аналогы F-35 ұшағына қарағанда техникалық және тактикалық сипаттамалары жағынан асып түсетінін алға тартқан болатын. Түріктердің жойғыш ұшағын TUSAS ұлттық аэроғарыш компаниясы 2017 жылдан бері құрастырып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді