Түріктердің алғашқы дыбыстан жылдам реактивті ұшағы сынақтан сәтті өтті (видео)
Түріктердің алғашқы дыбыстан жылдам реактивті ұшағы сынақтан сәтті өтті (видео)
2 жыл бұрын 1128 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: aviationweek.com

Түркияның алғашқы дыбыстан жылдам реактивті Hurjet ұшағы алғаш рет ұшып, әуеде сынақтан өтті. Бұл жайында islam.kz порталы hurriyet.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған аталмыш оқиғаға байланысты арнайы мәлімдеме жасап, бұл ұшақтың Түркияның 100 жылдығына тарту етілетінін жеткізді. Hurjet толығымен Түркияда құрастырылған алғашқы реактивті жаттықтырушы және жеңіл әскери ұшақ. Ол Түркияның 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан өзінің бесінші буынды TF-X жойғыш ұшағын жасау бағдарламасы аясында Т-38 оқу-жаттығу ұшақтары мен F-5 жауынгерлік оқу-жаттығу ұшақтарын ауыстырады. Түркияның қорғаныс өнеркәсібі департаментінің басшысы Ысмайыл Темір бұдан бұрын түрік мамандары TF-X жобасы аясында құрастырған жойғыш ұшақтың тактикалық және техникалық сипаттары жағынан америкалық F-35-тен асып түсетінін айтқан болатын. Бұл жоба Түрік әуе күштерімен қызмет ететін F-16 ұшағын ауыстыру үшін жүзеге асырылуда.

 

0 пікір
Мұрағат