|
"Түкке тұрғысыз" түкірік үшін қып-қызыл айыппұл төлейсің
|
Қырғызстанда құқық бұзушылыққа қатысты кодекске жаңа норма енгізілді. Аталған нормаға сәйкес қоғамдық орындар мени көшеде түкірген адамға 5,5 мың сом, яғниғ 78,8 доллар айыппұл салынады. Бұл ереже 2019 жылдың алғашқы күнінен бастап, ел аумағында қолданысқа енеді. Бұл жайында "Нағыз уақыт" ақпарат көзі хабар таратты. "Түкүрбө" (Түкірме) жобасы 2016 жылдың өзінде өзінде қолға алынған болатын. Аталмыш бастама арқылы ел тұрғындарын қарапайым өз-өзін ұстау мәдениетіне үйрету көзделген еді. Санаулы күндерден соң қырғызстандықтарға қоғамдық орындар мен көшеде тек түкіруге тыйым салынып қоймай, сонымен қатар, қоқысты тастауға әрі өртеуге рұқсат етілмейді. Бұл талапты орындамағандарға 7,5 мың сом немесе 107,4 доллар айыппұл салынады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды