Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды
36 минут бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2026 жылдың шілде айының 27-де стейблкоиндардың ірі эмитенті Tether компаниясы өзінің алтынмен қамтамасыз етілген цифрлық активі - XAU  үшін шариат талаптарына сәйкес келетінін растайтын сертификатын алғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш компанияның сайтына (tradersunion.com) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. XAU  («икс-ау-ти») - құны нақты алтынға байланған Tether компаниясының цифрлық токені. Бір токен Tether атынан нақты қоймаларда сақталатын таза алтынның бір трой унциясына (31,1035 г) сәйкес келеді. Токен иелері алтынның өзі сақтаулы жатқанына қарамастан алтынның тиісті мөлшерін іс жүзінде иеленеді. Сертификатты британиялық дінтанушы Фараз Адамның жетекшілігімен Amanah Advisors ұйымы берген. Мұндай құжат бүкіл әлем бойынша мұсылман банктері, институциялық инвесторлар және жеке тұлғалар үшін цифрлық алтынға қол жеткізу мүмкіндігін бере отырып, XAU-ны ислами қаржыландыруда пайдалану құқығын айғақтайды. Әрбір XAU  белгісі Швейцариядағы қоймаларда сақталатын нақты алтынның бір трой унциясына тікелей меншік құқығын білдіреді. Токеннің эмитенті - TG Commodities, S.A. de C.V. компаниясы, Сертификат алу үшін қойылатын негізгі талап - актив құрылымының шариғат талаптарына сәйкес келетінін растау: нақты алтын шын мәнінде бар және эмитентке тиесілі; активтің құрылымы пайыз төлеуді ұйғармайды; кредитпен қолдауды және алыпсатарлық деривативтерді пайдалануға жол берілмейді; резервтер толығымен ашық және верификацияға қолайлы, яғни, тексеруге қолайлы. Tether бас директоры Паоло Ардоино алтынның әрдайым тұрақты әрі сенімді актив екенін, ал  компания сертификаттау арқылы ислами қаржының өрісін кеңейтетінін және блокчейн-технологиялардың ашықтығы мен тиімділігін пайдаланатын цифрлы алтынға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге қадам жасайтынын мәлімдеді. Сертификатты алу XAU үшін жаңа нарықтарды ашады. Токенді пайдаланудың ықтимал сценарийлерінің ішінде - ислам банктерінің өнімдеріне ықпалдасу, халал нормаларына сәйкес келетін жинақ өнімдерін жасау және сауданы қаржыландыруда қамтамасыз етуші актив ретінде пайдалану. Amanah Advisors әсіресе қайталама нарықтарда сатып алу кезінде шариғат нормаларына сәйкес XAU  енгізуге көмектесетін нақты ұсыныстарды әзірлеу үшін Tether-мен ынтымақтастықты жалғастырады. Бұл қадам әлемдегі халал-құралдарды кеңейту трендінің бір бөлігіне айналды. Осы орайда әлемдегі ең ірі стейблкоин эмитенті - Tether компаниясының Америка құрама штаттарының қазынашылық облигацияларына тікелей және жанама exposype бойынша шамамен 141 миллиард доллары барын айта кетпекпіз. 2025 жылы компания 15 миллиард доллар кіріс туралы, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1,04 миллиард доллар таза кіріс туралы есеп берді. Tether компаниясы, сондай-ақ, құны 20 миллиард долларға бағаланатын шамамен 154 метрлік тонна буллионы бар ірі жеке алтын иелерінің бірі. Бұл позиция Tether-ді орталық банктер деңгейіне қояды.

0 пікір
Мұрағат