|
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
|
Сауд Арабиясының ислам істері, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын министрлігі «Жаңа мұсылман» деп аталатын цифрлы картаны іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш сервисті министр Әбділәтіп бин Әбдіәзіз әл Шейх ұсынды және ол исламды қабылдауды құжатпен ресімдеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған. Жаңа цифрлы карта Tawakkalna мемлекеттік қосымшасымен біріктірілген. Өтініш беруден бастап дайын құжатты беруге дейінгі барлық процесс толығымен автоматтандырылған. 15-тен астам кезеңнің орнына процедура төрт қадаммен шектелген, ал күту уақыты бірнеше айдан бірнеше минутқа дейін қысқарды. Тиісті тараптан мақұлдағаннан кейін карта Tawakkalna қосымшасында пайдаланушының жеке құжаттары бөлімінде пайда болады. Құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін QR-код көзделген. Барлық ақпарат электронды түрде сақталады, ал бұл бүкіл ел бойынша мұсылмандар туралы нақты статистиканы жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бастаманың мәні - қағаз карточканы электрондық нұсқасына ауыстырудан ғана тұрмайды, сонымен қатар, бүкіл жүйені қайта құруға саяды. Сарапшылар атап өткендей, технология бұрындары ислам дінін қабылдаған адамдардың алдында тұрған бюрократиялық кедергілерді алып тастауға мүмкіндік берді. Бұл ретте картаны енгізу мәре ретінде емес, маңызды бастапқы кезең ретінде қарастырылады. Құжат берілгеннен кейінгі келесі қадам: ислам дінін дұрыс түсінуге көмектесу, білім беру бағдарламаларын ұсыну және исламды қабылданғаннан кейін отбасы мен қоғамда туындауы мүмкін әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсету.