Тек ата-анасына ғана емес, сонымен қатар, бала қарайтын әжесі мен атасына да декреттік демалыс береді
Тек ата-анасына ғана емес, сонымен қатар, бала қарайтын әжесі мен атасына да декреттік демалыс береді
8 күн бұрын 539 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швецияда бұдан былай тек ата-анаға ғана емес, сонымен қатар, балаға қарайтын әжесі мен атасына да (егер олар жұмыс істесе), басқа да туыстарына да ақылы деммалыс беріледі. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа ереже талаптарына сәйкес, тіпті, ата-анасы секілді ресми қамқоршы деген мәртебеге ие болмаса да  балаға қарайтын адамға 45 күнге дейін ақылы демалыс беріледі. Швед билігі мұндай қадамға отбасы мен жұмыс және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін барып отырғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, ата-ана баласына қарайтын туысы болмаса, қарайтын адамға тиісті 480 күндік демалыстың 90 күнін бере алады. Жәрдемақы алу үшiн "уақытша қамқоршыға" бала күтiмiн сақтандыруды жүзеге асыру қажет болады. 1974 жылы Швеция әлемде алғашқы болып аналарға жүктілігі және босануы бойынша ақылы демалыс енгізді, 1995 жылы жүктілігі және босануы бойынша бірнеше ай демалыс әкелерге тағайындалды. Швецияның әлеуметтік сақтандыру агенттігінің хабарлауынша, қазір әкелердің үлесіне бала күту бойынша демалыстың 30%-ға жуығы тиесілі.

0 пікір
Мұрағат