Таяу Шығыс каналының табысы рекорд орнатты
Таяу Шығыс каналының табысы рекорд орнатты
2 жыл бұрын 1545 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осыдан төрт жылғы дерек бойынша бір ғана Суэц каналы мысырлықтарға жылына кем дегенде 5,4 млрд доллар пайда әкеліп отырды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әзірге Мысырдағы Суэц каналы Азия мен еуропа арасындағы ең төте жол болып тұр. Мысыр үшін туризм саласынан түсетін табыспен шамалас пайда әкелетін, құрылысы 1859 жылы басталған Суэц каналы кезінде халықаралық сауда-саттықта стратегиялық маңызға ие болған еді. Сол кездегі бұл каналдың 53% акциясына француздар ие болған еді. Бұл канал, сонымен қатар, еуропалықтардың Африка құрлығын отарлауға да септігін тигізген болатын. Тарихы тым арыдан жатқан каналдан Мысыр билігі 2023 жылға қарай тәуліктік кеме өткізу мүмкіндігін 97 кемеге дейін арттыруды жоспарлап қойған да еді. Осы бағытта 2015 жылы каналдың екінші арнасын ашты. Жыл сайын Суэц каналынан түсетін табысты 13,2 млрд. долларға арттыруда көздеген болатын. 2018 жылы Суэц каналынан 1,041млрд тонна жүк тасымалданды. Бұл әлемдік жүктің шамамен 10%-ын құрайды. Десе де Суэц каналын айналып өтетін бәсекелес транзиттік жобалар қолға алынып жатыр. Бұл өз алдына бөлек әңгіме болғандықтан тоқталып жатпаймыз. Десе де Суэц каналына әзірге бәсекелес дәліз жоқ. Бұған биылғы сәуір айындағы көрсеткішті мысал ретінде келтіруге болады: бір ай ішінде аталған каналдан 114,5 млн тонна жүк тасымалданған. Дәлірегі, осы бір ай ішінде Мысыр экономикасына аталған каналдан 629 млн доллар табыс құйылды. Мұндай жетістікке Мысыр билігі пандемиядан кейін алғаш рет трафикті қалпына келтіру есебінен қалпына келтіріп отыр. Яғни, өткен жылдың сәуір айындағы табыспен салыстырғанда биыл 13,6% жоғары пайда көрген. Жалпы ұзындығы 193 шақырымға созылып жатқан, Қызыл теңіз бен Жерорта теңізін жалғайтын аталған каналдан бір ай ішінде 1929 жүк кемесі өткен. Бұл ткен жылғы сәуір айындағы кеме өткізу трафигімен салыстырғанда 6,3%-ға көп. Осынша кемемен 114,5 млн тонна жүк тасымалданған. Мұнай танкерлері 25,8%-ға, газ тасымалдау  12%-ға әрі өзге жүк тасымалдау  контейнерлер саны 9%-ға артық өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда.

0 пікір
Мұрағат