Таяу жылдары пластикті өндіру мен пайдалануға басы бүтін тыйым салынады
Таяу жылдары пластикті өндіру мен пайдалануға басы бүтін тыйым салынады
2 жыл бұрын 1438 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарлама ассамблеясы таяу болашақта табиғатты пластикпен ластауға тыйым салу туралы қарар қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде кениялық ENCA аңалықтар телеарнасына жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ-ның аталмыш құжаты 2024 жылға қарай қоршаған ортаны пластипен ластауға тыйым салу туралы келісім-шартты әзірлеу мақсатында үкіметаралық келіссөз комитетін құруды ұйғарады. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымының президенті әрі Норвегияның климат және қоршаған орта мәселелері жөніндегі министрі Еспен Барт Ейде аталмыш қарардың қабылдануын адамзат үшін тарихи маңызы зор қадам санайды. Пластик биологиялық әр алуандылыққа қатер төндіріп, биологиялық түрлердің жойылуына ықпал етіп отыр. Осы жылдың ақпан айының бас кезінде WWF International (бүкіл әлемдік жабайы табиғатта қорғау қоры) мамандары бұл тарапта арнайы әрі ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізе келе пластиктің күллі тіршілік үшін қадай залал-зардабы болатыны турасында қорытынды жасаған болатын. БҰҰ аталмыш ұйымның осы қорытындысы негізінде пластик өндірісі мен қолданысына әлем бойынша түбегейлі тыйым салуды қарастыратын қарар қабылдады. Болжам бойынша 2040 жылы пластик өндірісі кем дегенде екі есеге артады. IPSOS компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес адамзаттың үштен бірі пластиктен біржола бас тарту керек деп есептейді. Бұл сауалнамаға әлемнің 28 елінен 20 мың адам тартылған. Сауалнамаға қатысқандардың 75 пайызы бір жолғы пайдаланылатын пластикті өндіруге әрі пайдалануға біржола тыйым салуды жақтап отыр. Ал 82 пайызы тағам мен азық-түрлерін пластикпен қаптауға да қарсы екенін білдірген.

0 пікір
Мұрағат