Тәтті сусындарға салық салынады
Тәтті сусындарға салық салынады
2 жыл бұрын 1432 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Құрамында қанты денсаулыққа қауіп төндірмейтін мөлшерден көп тәтті сусындарға Израилде салық салатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кнесетте (Израил парламенті) аталған елдің министрлер кабинеті ұсынған тәтті сусындарға салық салу туралы ұсынысы қолдау тапты. Жаңа ережеге байланысты Израилде Coca-Cola мен өзге де тәтті сусындар айтарлықтай қымбаттайтын болады. Дәлірегі, салық сусынның 100 грамына қосылған қанттың мөлшері бес грамнан асқан жағдайда салынады. Осылайша тәтті сусындардың 1 литрі 1 шекелге (Израилдің ұлттық валютасы) қымбаттайды. Мәселен, бір жарым литрлік Coca-Cola шөлмегі 1,8 шекелге қымбаттайды. Мұндай салық келесі жылдың (2020 ж.) бас кезінен бастап салынады. Израилдің қаржыгерлері келесі жылы мұндай салықтан мемлекет бюджетіне шамамен 380 млн шекел кіріс кіретінін есептеп қойған. Сөз орайы келгенде тәтті сусындарды шектеу үшін салық саясатын қолданатын елдер туралы аз-кем дерек келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: тәтті сусындарға өткен ғасырдың өзінде салық салатын мемлекеттер болған. Мәселен, Дания 1930-шы жылдары мұндай салықты енгізген еді – литріне 0,22 еуроа мөлшерінде, алайда, мұндай салық 2013 жылға дейін салынған. Нәтижесінде мұндай салықты алып тастаудан мемлекет бюджетіне жыл сайын түсіп тұратын 60 млн-нан аса еуродан айырылды. Ал Финляндияда балмұздақ пен кондитерлік өнімдерге салынып келген салық 2017 жылы Еурокомиссияның шешімімен тоқтатылды. Дегенмен 2014 дылдан бері аталған елде құрамында қанты көп сусындарға салық салына бастады – 1 литрге шаққанда 0,5%-дан асса қант мөлшері 0,22 еуро салық, ал литріне шаққанда қант мөлшері 0,5%-дан төмен болса, 0,11 еуро салық салынып келеді. Венгрияда 2011 ылдан бері тек құрамында қант мөлшері жоғары өнімдерге ғана емес, сонымен қатар, кофеин мен тұз мөлшері жоғары өнімдерге салық салынады. Осындай салықтың нәтижесінде бұқараның, яғни, тұтынушылардың 28%-ы энергетикалық сусындардан, 20%-ы тәтті және газдалған сусындардан бас тартқан. Мексикада 2014 жылдан бері құнары жоғары тағамдарға салық салынады. Ғалымдар бұл тарапта тәтті сусындарға салық салынуы себепті қымбаттайтындықтан 190 мыңдай адамның екінші типті сусымар дертіне шалдығу қатерінен құтылып қоймай, 20400 адам жүрек ауруларына ұрынбайды, 10 ыл ішінде 35-94 жас аралығындағы азаматтардан 18900 адамның өмірден ерте кету көрсеткішін кемітетінін анықтаған. Бұл жайт өз кезегінде, бір ғана сусамырдан зардап шегетіндерді емдеуге кететін шығынды шамамен 983 млн долларға азайтқан. Чилиде 2014 жылдан бері мұндай салық салынып келеді – бұл саясат өз кезегінде тәтті сусындарды тұтыну көрсеткішін 21,6%-ға азайтқан. Әлемде қант өндіруден алдыңғы бес елдің қатарында тұрған Таиландта да бар мұндай салық бар. Норвегияда 2017 жылдан бері салынып келеді. Бұл айтылған елдерден бөлек, Белгияда, Францияда (2012 жылдан бері), Ұлыбритания, Полша, Оңтүстік Африка республикасында (2017 жылдан бері) тәтті сусындарға салық салынады. Сондай-ақ, Саудия мен Бахрейн де 2017 жылы энергетикалық сусындарға (100% мөлшеріндегі сусынға 50% мөлшерінде қант қосылған) салық салынады. 

0 пікір
Мұрағат