|
Тақ мұрагерінің құзыреті шектелді
|
Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман әл-Саудтың құзыреті шектелді. Бұл жайында The Guardian мерзімді басылымы хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің жазуынша, соңғы екі аптада тақ мұрагері маңызды дипломатиялық, т.б.жиындарға қатыспаған. Өйткені, ол кейбір экономикалық әрі қаржылық мәселелер бойынша шешім қабылдау құқығынан айырылған. Королдің пәрменімен. Алайда, бұл туралы ақпарат ресми жария болған емес. Әзірге тақ мұрагерінің міндетін корол жақындарының бірі Масад әл-Албан орындайды. Ол әлемге әйгілі Гарвард университетінде білім алған әрі таяуда монархтың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді