|
Таң намазын өткізіп тұрған имам сәждеде қайтыс болды
|
Индонезия елінде бір мешіт имамы Таң намазын өткізіп тұрып, сәждеде бақилық болды. Бірінші рәкәғатының сәждесіне барған тұста, қимылсыз қалған оны, алғашында ұюшы жамағат түсінбей қалған, алайда сұлқ құлаған заматта барып, оның қайтыс болғандығын аңғарды. Әркімге бұйыра бермейтін мұндай өлімді қазақша "Ақ өлім" дейді! Мұсылманның ақырғы өлім сәтіне қарап, оның ақыреттегі тағдырын азды-көпті топшылай беруге болады. Сәждеде қайтыс болған бұл діндардың да о дүниесі жарқын деген үміттеміз! Иннә лилләһи уә иннә иләйһи рожиъун!
Видео: https://youtube.com/shorts/bNMesPDidsA?si=p414AHmK3xT7KgcV
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азиядағы ең үлкен шөл даладан жерасты суының мол қоры табылды
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Азық-түлік қауіпсіздігі: ет нарығындағы технологиялық тренд
■
АІ және геосаясат
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?