Тәліптер өздерінің спорткар үлгісін ұсынады
Тәліптер өздерінің спорткар үлгісін ұсынады
20 күн бұрын 1888 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан автоқұрастырушылары Катардағы ірі автосалонда сарапшылар мен автокөлік жүргізушілерінің назарына ұсынылатын спорттық автокөліктің өзіндік үлгісін жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AlBawaba дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2023 жылы Женева автосалоны (GIMS) Женева қаласының өзінде емес, Катардың астанасы Дохада өтеді. Бұл тараптағы шараны араб елінде өткізу өз кезегінде тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) жетекшілігімен Ауғанстанға беделді шараға қатысуға мүмкіндік берді. Ауған спорттық автокөлік үлгісін Кабулдағы университеттердің біріндегі инновациялық орталық құрастырған. Кабулдағы Катар елшілігі ауған спорт көлігінің прототипі келесі жылы автосалонда көрсетілетінін растады.

0 пікір
Мұрағат