Тәліптер Иранға соғыс ашты (видео)
Тәліптер Иранға соғыс ашты (видео)
11 ай бұрын 577 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұрыс қимылдары Ауғанстан мен Иран шекарасында басталған. Бір әскери қаза тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террорист ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған - ред.) көсемі Әбдіхамид Хорасан мәлімдемесіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көрші екі ел арасындағы қарулы қақтығыс су ресурсына таластан тұтанған. Гилменд өзені ауған тауларынан бастау алып, Иранның Систан провинциясы аумағындағы ауық-ауық табаны тартылып қалатын көлге барып құяды. Қазіргі уақытта Систан провинциясын құрғақшылық жайлаған. Шиғалар елінің билігі тәліптерді өзен арналарын бұрды, бөгет салды деп айыптап отыр. Сенбі күні Парсы елінің полиция жетекшісінің орынбасары Қасым Резай тәліптерді Иранның Систан және Белужстан провинциялары мен Ауғанстанның Нимроз провинциясы шекарасында оқ атты деп айыптады. IRNA ирандық бұқаралық ақпарат құралының жазуынша, екі шекарашы қаза тапқан. 

 

0 пікір
Мұрағат