Тәжік имамдары асфальт төсеп жүр
Тәжік имамдары асфальт төсеп жүр
6 жыл бұрын 2484 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұрынғы коммунистер КСРО ыдырағаннан кейін де биліктен кеткен жоқ. Кеңестік жүйе ескінің сарқыншағындай әлі күнге сүйретіліп келеді. Мұғалімдерді, дәрігерлерді, тағы басқа бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері әлі күнге биліктің қолжаулығына, қолбаласына айналған. Енді олардың қатарын имамдар толықтырды десе болады. Бұл жайында "Ферғана" ақпарат көзі хабар таратты. Тәжікстанның Соғды облысында қас түзеймін деп көз шығаратын шолақ белсенділердің әрекеті наразылық тудырып отыр. Тәжікстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елді-мекендерді көріктендіру жұмыстарына имамдар да тартылған. Бұл сенбілік емес, жергілікті мешіт қызметкерлері жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген екен. Бәзбіреулер онда тұрған не бар деп жазғырар, бұл аз десеңіз, аталмыш елдің Хатлон облысына қарасты Шахритус ауданында имам-хатыбтар жамағаттан садақа жинап, 2016 жылы тарих қойнауына кеткен "күн көсем" Владимир Ленин есккерткішінің жөндеуге атсалысқан болатын. Айта кетейік, Тәжікстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы 2021 жылдың қыркүйек айының 9-ы күні аталып өтеді. 

0 пікір
Мұрағат