Тағы жеті мешіт үйсіз-күйсіздерге баспана ретінде берілді
Тағы жеті мешіт үйсіз-күйсіздерге баспана ретінде берілді
8 жыл бұрын 2652 «Озоди» радиосы

Тәжікстанның Күләб қаласының билігі «заңсыз тұрғызылған» деген желеумен жеті бірдей мешітті үйсіз-күйсіз жүрген отбасыларға баспана ретінде пайдалануға берді. Аталған қалада заңсыз тұрғызылған 54 мешіт бары анықталған. Олардың бәрі үйсіз-күйсіздерге берілді және демалыс орындарына айналдырылды. Өткен жылы Ховалинг ауданында да осыған ұқсас жағдай орын алған еді: бес мешіт үйсіз-күйсіздерге берілген болатын. Бұл елде мешітті үйсіз-күйсіздерге беру тәжірибесі діни бірлестіктер туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін сонау 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді. Сол кезден бері республика бойынша мыңдаған құлшылық үйлері басқа мақсатта халықтың игілігіне берілген. Сарапшылардың көбісі ел билігінің бұл қадамын құптап отырған жоқ. Өйткені, халықтың 90 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды.

0 пікір
Мұрағат