Израилдің жедел жәрдемі палестиналық пациенттің өлгенін қалайды
Израилдің жедел жәрдемі палестиналық пациенттің өлгенін қалайды
8 жыл бұрын 2795

Құқық қорғаушылар израилдік жедел жәрдем бригадасының израилдік қауіпсіздік күштері сарбаздарының немесе еврей келімсектерінің қолынан жараланған палестиналық пациентке әдейі кешігіп келетінін дәлелдейтін фактілер бар екенін мәлімдеді. Яғни, палестиналық пациентке медициналық көмек көрсетуге асықпайтынын алға тартты. «Израилдегі адам құқығы үшін дәрігерлер» деп аталатын медициналық бақылау ұйымы жараланған палестиналық пациентке израилдік жедел жәрдемнің екі сағат бойы кешігіп келгенін анықтаған. Яғни, жараланған палестиналық пациенттің қансырап өлгенін күтіп, қасақана кешігіп келуді әдетке айналдырған израилдік жедел жәрдем қызметінің бұл әрекеті халықаралық нормаларға қайшы келетінін мәлімдеді. Бұл жайында «Al Jazeera» ақпарат көзі хабар таратты. Ал палестиналық жедел жәрдемге израилдік қауіпсіздік күштері қолдан кедергі ұйымдастырып, тіпті, олардың жолы бөгеп, жиі оқтың астына алатыны да белгілі болған.

0 пікір
Мұрағат