Тағы бір мешіт «бірегейлендіру» саясатының құрбанына айналмақ
Тағы бір мешіт «бірегейлендіру» саясатының құрбанына айналмақ
2 жыл бұрын 1548 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Доудиан мешіті – Бейжің мегаполисіндегі мұсылмандардың ең жаңа құлшылық үйі саналады. 2013 жылы салынса да. Аталған қала билігі осы жаңа мешіттің құрылысын қайта жүргізбек, яғни, реконструкцияламақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде RFA дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір мезгілде 1500 адам намаз оқи алатын мешіт құрылыс шарбағымен қоршалды. Реконструкция жобасы бойынша мешіт исламға тән элементтер мен белгілерден арылатын болады. Осылайша бұл ғибадат ғимараты өзге ғимараттардан еш айырмашылығы болмай қалады. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында «қытайландыру саясаты» деген термин жиі қолданылады. Бұл термин осы мешітке қарасты қолданылуда. Бұдан бөлек,  коммунистік партия идеологиясын нығайту бағытында «қытайландыру» жобасы аталған мешітте 2023 жылдың мамыр айына дейін жүзеге асырылады. Яғни, аталған мерзімге дейін толық ислам сәулетінің үлгісінен жұрнақ қалдырмайды. Қытай билігінің бұл қадамына қатысты пікір білдірген Тайуан ортаазиялық зерттеу орталғығының Ших Шиен Иу есімді сарапшысы былай дейді: «Билік осылайша Қытай үкіметі барлық діни конфессияларды бақылауға алуға болады, деп есептейді. Олар әркім партияны ұстануға міндетті деген идеяны көрсету үшін осындай символдық әдісті қолданады». Негізінде мұндай әдіс исламофобиялық құбылыс белең алған батыста да қолданылған емес, алайда, Үндістан мен Қытайда исламға ишарат ететін белгілерді жойып, атауларды ауыстырып жатыр. Тек жалғыз мешіт қана емес, мұндай «мүйізінен айырылып, құлағы кесілген» ғибадат ғимараттарының қатарында шіркеу де кездеседі. Орта ғасырға тән жермен-жексен етіп қиратып тастау секілді вандалдық әрекет (жабайылық) әлі күнге Үндістанда қылаң беріп қалады. Үнді радикалдарының қолымен сүріле жаздаған сонау Бабыр заманынан қалған тарихи жәдігерлердің бірі – Айдоһия қаласындағы Бабри мешітінің тағдырын сөзімізге дәлел бола алады (қараңыз: «Мешіттерді қиратып, орнына пұтхана салып жатыр», сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/meshitterdi-qiratyp-ornyna-puthana-salyp-jatyr-video-12705/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат