Тағы бір ел шариғатқа сай мал союға тыйым салды
Тағы бір ел шариғатқа сай мал союға тыйым салды
3 жыл бұрын 2668 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Грекияның жоғарғы сот қызметін атқаратын мемлекеттік кеңесі шариғат және кошерлік (иудейлер үкімі) бойынша мал союды заңнан тысқары деп жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік rossaprimavera.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай аталған елде малды алдын ала естен тандырып барып соятын болады. Грекия мемлекеттік кеңесінің мұндай шешім шығаруына елдегі жануарларды қорғау ұйымының шағымы себеп болды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, малды естен тандырып сою әдісі еуропада 1933 жылы пайда болды. Швеция, Швейцария, Норвегия, Исландия, Дания, Белгия, Словения, Франция, Германия, Австрия, Нидерланды, Испания, Эстония, Финляндия және Полшада толық немесе ішінара малды шариғат немесе көшерлік талаптары бойынша союға тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат