Сұлтан елі туристерді қабылдаудың жаңа тәртібін енгізеді
Сұлтан елі туристерді қабылдаудың жаңа тәртібін енгізеді
1 жыл бұрын 1844 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: trvlguides.com

Брунейдің Иммиграция департаменті ақпан айының 9-нан бастап Сұлтандыққа келетін туристердің жеке деректері қамтылатын электронды анкетаны тексере бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы Borneo Bulletin мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Электрондық келу картасын ресімдеу теңіз, әуе және құрлық арқылы иммиграциялық бақылау-өткізу пункттері арқылы Сұлтандыққа кіретін барлық шетелдік азаматтар үшін міндетті болып табылады. Ақпарат Брунейге келгенге дейін толық және дұрыс толтырылуы керек», - деп атап өтті департамент. Бұл ретте транзиттік жолаушылар электронды сауалнама толтырудан босатылады. Электрондық анкета жол жүру құжатының нөмірін, Брунейдегі тұрғылықты мекен-жайын, сондай-ақ, елге келу рейсінің нөмірін қамтиды. Оны толтыру тегін. Бруней - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы монархияға негізделген шағын мемлекет және Ислам ынтымақтастығы ұйымының мүшесі. Ресми діні – ислам (сүннит), оны халықтың 78,8%-ы ұстанады, 8,7%-ы - христиандар (негізінен протестанттар мен католиктер), 7,8%-ы - буддашылар, 4,7%-ы – өзге наным-сенім өкілдері. Халқының саны жарты млн-ға жетпейді, ел тұрғындарының 67 пайызы – малайлықтар, қытайлардың қарасы 11-12 пайыздың төңірегінде, қалғаны жергілікті әрі байырғы халық өкілдері (малай халқына туыс болып келетін  келайанибанмеланаудусундармуруттардаяктар ), сондай-ақ, үнділер мен еуропалықтар, т.б. - 15%.  Бұдан бөлек, 20 мыңнан аса еңбек мигранттары осы елден нәпақа тауып жүр.

0 пікір
Мұрағат