Студенттерге 3-ші курстен бастап, мектепте сабақ беруге ресми рұқсат берілді
Студенттерге 3-ші курстен бастап, мектепте сабақ беруге ресми рұқсат берілді
3 жыл бұрын 1223 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда 3-ші курс (іштей, сырттай, кешкі білім алатындар) студенттері мектеп қабырғасында сабақ беру құқығына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш процедура өзбек үкіметінің қазан айының 15-і күні қабылдаған «Жоғары білім беретін мектептерге білікті мұғалімдерді тарту жөніндегі шалалар туралы» қаулысы негізінде қолданысқа енгізіліп отыр. Бұрын жоғарғы оқу орнының студенттері мектеп қабырғасында тек 4-ші курстен бастап сабақ беретін. Өзбекстан республикасының министрлер кабинетінің бұл қаулысында, сондай-ақ, білім сапасы төмен мектептерге өзге аймақтардан тартылған жоғарғы және бірінші санаттағы мұғалімдер үшін базалық тариф мөлшерлемесін көтеру қарастырылған. Ішінара алғанда, бір әкімшілік аймақтағы өзге аудандардан және өзге қалалардан тартылған мұғалімдерге базалық тариф мөлшерлемесінің 50 пайызы төленетін болады, ал басқа әкімшілік аймақтан келген мұғалімдерге 100 базалық тариф мөлшерлемесінде төленеді. Бұған қоса, өзге аймақтардан тартылған мұғаліидерге базалық тариф мөлшерлемесі бойынша төленетін қосымша үстемеақы сол мектептің білім сапасы жақсарғанда да тоқтатылмайды.

0 пікір
Мұрағат