Стамбұлда аса қауіпті жәндік пайда болды
Стамбұлда аса қауіпті жәндік пайда болды
1 ай бұрын 1477 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия аумағында мамандар азиялық жолақты масасының кеңінен тарап жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы түрік тілінде хабар тарататын HabberTurk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті. Жыртқыштық сипаты басым бұл жәндік үйірімен Стамбұл шаһарының халық көптеп шоғырланған ірі аудандарынан байқалған. Мамандардың айтуынша, масаның бұл түрі кез келген қоршаған ортаға тез әрі оңай бейімделе алады. "Масаның бұл түрі адам ашық аспан астында болса, күні бойы шабуылдайды. Ол өзге масаларға қарағанда әлдеқайда агрессивті болып келеді әрі сары безгек, Зика вирусы секілді ауруларды таратады",- деп мәлімдеді  Стамбұл университетінің доценті Керім Етер. Ең қауіптісі - жұқпалы індетті таратуында жатыр. Аталмыш жоғарғы оқу орны ғалымының сөзіне қарағанда, бұл айтылғандардан бөлек, аталмыш маса түрі адамды шаққанда көбіне аллергиялық реакция тудырады. 

0 пікір
Мұрағат