Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда апиын өндірісі шамамен екі есеге көбеюі мүмкін екендігіне алаңдайды. БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының есебіне сәйкес, 2016 жылы көкнәр егілген алқап көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан.
|
SOS: Ауғанстанда апиын өндірісі ұлғайып келеді
|
centralasian.org-тың дерегінше, апиын өндірісінің көлемі 43 пайызға дейін ұлғаюы мүмкін. Көкнәр алқаптарының дені "Тәліптер" қозғалысының бақылауында қалды.
Көкнәр дәнінен апиын дайындайды, ал ол заттан морфий және героин өндіреді. Апиын көкнәрі Ауғанстанда 2001 жылдан бері көптеп өсіріле бастады. 2013 жылы Ауғанстанда шамамен 5 мың тонна апиын өндірілген, бұл - әлемдік өндірістің шамамен 80 пайызы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды
■
Жасанды зерде уақытты үнемдемейді, керісінше – ұзартады