Соңғы 50 жылда төтенше ауар райынан 2 млн адам қаза тапқан
Соңғы 50 жылда төтенше ауар райынан 2 млн адам қаза тапқан
11 ай бұрын 540 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік метеорология ұйымы келтірлен дерекке қарағанда, соңғы жарты ғасырда төтенше ауа райынан немесе аса қолайсыз ауа райынан 2 млн адам ажал құшқан және әлемдік экономикаға 4 млрд доллардан аса шығын келтірген. 1970-2021 жылдар аралығында 12 мыңнан аса табиғат апаты орын алған. Метеорологтар ауа райының қолайсыздығынан болған өлім-жітімнің 90 пайызы және экономикалық шығынның 60 пайызы соңғы жарты ғасырда дамушы елдерде болғанын атап өтті. Аталмыш ұйым мәліметі бойынша соңғы жарты ғасырда табиғи апаттан келген шығын дамушы елдердің жалпы ішкі өнімінің 30 пайызына дейін жеткен. Азияда соңғы 50 жылдағы төтенше ауа-райы мен климаттық құбылыстардың салдарынан ең көп адам өлімі тіркелген - миллионға жуық адам қайтыс болған, олардың жартысынан көбі -  Бангладеш тұрғындары. Африка құрлығында соңғы жарты ғасырда апаттан қосымша 733 585 адам бақилық болған, оның 95 пайызы құрғақшылықпен байланысты.

0 пікір
Мұрағат