Соңғы 20 жыл ішінде жер бетіндегі мұсылмандар саны екі есеге артты
Соңғы 20 жыл ішінде жер бетіндегі мұсылмандар саны екі есеге артты
8 жыл бұрын 3505 muslim.kz

СNN-нің хабарлауынша, қазіргі кезде Пю зерттеу орталығының мәлімметтеріне орай дүние жүзі тұрғындарының 2,2 млрд-тан көбін мұсылмандар құрайды.

АҚШ-тағы мұсылман қауымы 1990 жылдан бері екі есеге артып, 6,2 млн-ға дейін жеткен. Ең көп мұсылмандар қазіргі уақытта Пәкістанда – 256 млн, Индонезияда тізімнен өткен Ислам дініндегі адамдар бұдан азырақ.

Зерттеу орталығының болжауынша, Ауғанстандағы мұсылман қауымы тез арада екі есе асып, 50 млн-ға жуық адамды құраған, ал, Израилде Паластин бөлігіндегі туу көрсеткішінің өсуі себеп қысқа мерзімде тұрғындардың төрттен бірі мұсылмандарды құраған. Швеция секілді Франция мен Белгияда да ғалымдардың пікірінше жуырда әр 10-ыншы тұрғын мұсылмандар қатарынан болады. Америкалық зерттеушілердің дәйектеуінше, мұсылман жұртшылығының қарқынды өсуі олардың  туу көрсеткішінің жоғарылауы есебінен жүзеге асып жатыр.

0 пікір
Мұрағат