|
Смартфондар денемізден қуат алатын болады
|
Көп ұзамай мобилді құрылғылар денеңізден бөлінетін жылудан қуат алатын болады. Ол үшін аппаратты қалтаңыздан тастамай, өзіңізмен бірге алып жүру керек. Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары көлемі түймедей ғана болатын, өздігінен қуаттанатын аккумуляторлы батареяны ойлап тапты. Бұл арада жұмыс температурасының диапазоны Цельсия бойынша 20-дан 60 градусқа дейінгі аралықта болады. Ғалымдардың айтуынша, олардың жасаған технологиясы розетканы қажет етпейтін мобильді батареяның жаңа түрінің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, ғалымдар оның әлуетіне көп үміт артып отыр. Өйткені, олар әлсіз жылуды арзан энергияға айналдыра алады. Сонымен қатар, аталмыш технология жылу энергиясын қоршаған ортадан да ала алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды