Сирияда жұма уағызының уақыты мен мазмұны өзгерді
Сирияда жұма уағызының уақыты мен мазмұны өзгерді
10 ай бұрын 1816 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Риф Димашк провинциясының уақыптар басқармасы аймақтың имамдары мен уағызшыларына арналған жұма уағыздары мен діни дәрістерді өткізу тәртібіне қатысты нұсқаулық қамтылған № 244/1 циркуляр таратты. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Сирияның уақыптар министрлігінің 2025 жылдың қазан айының 13-і күнгі № 2240 өкімі негізінде шығарылған құжатта былай делінген:

-        Жұма уағызының ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс;

-        Мінберде жамағат арасына от салатын, дәлірегі, талас-тартыс тудыратын тақырыптар көтерілмеуі тиіс;

-        Уағыздар мен дәрістерде саяси мәселелерді талқылауға жол берілмейді;

-        Адамдар арасын алшақтатын, жік салатын, бүлікке бастайтын кез келген әрекетке тыйым салынады;

-        Өзге мемлекеттердің ісіне тікелей немесе жанама түрде араласуға жол берілмейді;

-        сүнниттер - ашариттердің, матуридилердің және ахл әл-хадистің арасында бірауыздан келісілген ережелерді, сондай-ақ, Жәбірейіл туралы хадисте жазылған негіздерді қоспағанда, мешіттерде акидалар (діни ілімдер) мәселелерін оқытуға тыйым салынады; -

-        оқыту төрт мәзһаб пен олардың фикхтарының шеңберімен шектелуі тиіс.

Циркулярға Дамашық мұхабазының уақыптар басқармасының директоры, сот жетекшісі Ахмет Әбді әл-Фаттах қол қойды және Сирия араб республикасының уақыптар министрлігінің мөрімен расталды. Аталмыш құжат барлық баяндалған нұсқауларды «танысу және қатаң орындау» талаптары қамтылған өкіммен аяқталған.

0 пікір
Мұрағат