Сим-картаны тіркету міндетті болмақ
Сим-картаны тіркету міндетті болмақ
2 жыл бұрын 1353 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Филиппинде сим-картаны тіркеуді міндетті ететін заң жобасын аталған ел парламентінің төмегі палатасы қабылдап тастады. Бұл жайында islam.kz порталы CNN Philippines ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай процедура құқық қорғау органдарына қалта телефоны арқылы қылмыс (мәселен, алаяқтық, т.б.) жасайтындардың жолын кесуге көмектеседі. Аталмыш заң жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес телекоммуникациялық компаниялар мен сим-картаны сатушылар абоненттің тіркеу нөмірін, пайдаланушының аты-жөні, туған күні ме жылын, жынысы, мекен-жайын толық көрсетуі тиіс. Бұл тарапта сим-картаны пайдаланушының бірыңғай тізімі жасалады, олар туралы дерек Филиппиннің ақпарат және коммуникациялық технология министрлігіне жөнелтіледі. Аталмыш заң қабылданса, оның талаптары шетелдік азаматтарға да қатысты болмақ. Егер бұл заң талаптарын елемегендер анықталса, оларға 1 млн песо (Филиппинің ұлттық валютасы) мөлшерінде, ал сим-картаны сатушыға 50 мың песо (990 доллар) айыппұл салынады. Сөз орайы келгенде Ресей аумағында осы жылдың желтоқсан айының 1-нен бастап басқа нөмірме шетелден шалынған қоңырауды, SMS-хабарламаларды бұғаттау туралы заң қолданысқа егенін айта кетпекпіз.

Ұқсас материалдар: 

«Саусақ ізімен активацияланбаған телефондар бұғатталады» (https://islam.kz/kk/news/alem/sausaq-izimen-aktivatsiyalanbagan-telefondar-bugattalady-12907/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат