Шіркеу де кезінде өзі бұрмалаған ұғымдардан, буквализмнен зардап шеге бастады
Шіркеу де кезінде өзі бұрмалаған ұғымдардан, буквализмнен зардап шеге бастады
3 жыл бұрын 2122 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қандай да бір діни ағым немесе секта ең алдымен адамдардың дінді бас пайдасы немесе белгілі бір топтың мүддесі үшін қасақана бұрмалауынан, жаңсақ түсінуінен пайда болып жатады. Мұндай келеңсіздік әлемдік діндердің барлығында кездеседі. Соның ішінде шіркеу де бұл жат құбылыстан тыс қалмаған. Таяуда Ресей Федерациясының Новосибир (Жаңа сібір) тұрғыны Люцифер Владимирұлы Кончаков-Багратион (суретте - ред.) Орыс православ шіркеуін сотқа берді. Өзінің есімін священниктердің жағымсыз жағынан пайдаланғаны үшін. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күллі орыс халқының рухани бет-бейнесіне айналған православ шіркеуі, әсіресе, бүгінгі орыс шіркеуі христиандықтың ерте кезеңінде пайда болған жаңсақ ұғымдардың өзіне соққы болып тиерін ойламаған да шығар – шағымданушының уәжі бойынша өзінің есімін  ібіліспен байланыстырып, қорлағаны үшін Ресей православ шіркеуінен 666 рубл мөлшерінде моралдық өтемақы талап етіп отыр. Кончаков-Багратион өткен жылдың қыркүйек айында өзінің есімін өзгерткен болатын: бұрынғы есімі - Алексей Южанин. Оның айтуынша, бала шағынан өзін Люцифер деп атағанын қалап келген. Есейгенде есімін осылай өзгертті ақыры. «Менің есімім латын тілінен аударғанда «нұрды алып жүруші»  мағынасын береді. Оның өзге мағынасы жоқ. Ал православ шіркеуі бұл сөзі бастапқа мағынасына сай келмейтін мағынада қолданады. Ресей православ шіркеуі Люциферді Сайтанмен бір көріп, насихаттап жүр»,- деп түсіндірді неліктен шіреу үстінен сотқа шағым түсіргенін түсіндірген ол. Осы орайда Люцифер атауының түпкі мәні мен мағынасын аша кеткенді жөн көріп отырмыз: Люцифер бүгінде христиандықта Ібілістің атауы ретінде алға шығады, алайда, рим мифологиясындағы нақты тұлғаға айналдырылған, таң алдында көрінетін Шолпан планетасы. (лат. Lucifer — «нұрды алып жүруші»; lux — «нұр», ал fero — «алып жүруші»). Ежелгі римдіктер оған Құдайлардың бірі ретінде сиынған. Орта ғасырдың соңына таман Люцифер мен Сайтан бір ұғым берілетін болған. Иоанн Богословтың евангелиясында «таңғы жұлдыз» Иса Мәсіхтың эпитеті ретінде қолданылды: «Мен, Иса, шіркеулерде саған куәлік ету үшін періштемді жібердім. Мен Дәуіттің тамыры мен ұрпағы, жарқын және таңғы жұлдызмын. Мен Дәуіттің тамырымын, ұрпағымын және таңғы, жарқын жұлдызымын». Петрдің екінші жолдауында «әрбір мүміннің жан сарайын шуаққа бөлейтін нұр әрі жарық пен шаттық толық келгенше сабырмен күтуге бастайды»; «Әрбірден соң біз жол көрсететін пайғамбар сөзіне иеміз; таң рауандап атып, жүректеріңізге таңғы жұлдыз енбейінше қараңғыда жарқыраған шамшырақ тәрізді бізге жүгініп, дұрыс істедіңіздер». Ал орта ғасырда бұл ұғым ағартушылық мәнінен арылып, тонын теріс айналдырып, мағынасы өзгеріп шыға келген: Ишай шумағының (14:12) аллегориялық тәпсірінен орын алды: онда таңғы жұлдық Вавилон патшасы таңғы жұлдызбен теңестірілген. Шайтан ұғымында қолданылған. Бұл ұғымның бұрмалануының қысқаша тарихы осындай. Сонымен қыркүйек айының 14-і күні Мәскеу қаласының Хамов аудандық сотына осындай ерекше шағым түскен екен. Онда Люцифер тек моралдық өтемақы талап етіп қоймай, Ресей проавослав шіркеуінен Люцифер туралы қалыптасқан жаңсақ ұғымға тойтарыс беріп, кешірім сұрауы талап етілген. Әлбетте,Люцифер үшін ақша маңызды емес, байқасаңыздар, 666 – символикалық мәні бар сома (бұл сан да христиандар арасында жағымсыз жағынан қолданылады. Бұл санды сайтанмен байланысмтырады, дәлірегі, сайтанның әрекетімен, бүлдірушілік, бұзушылық әрекетімен, ақыр заманмен байланысты қарастырады. Тіпті, әлеуметтік стеоротипті ескермеген күннің өзінде астрономияда Шолпанды осы 666 санымен белгілейді.

0 пікір
Мұрағат