Ширек ғасырда климат босқандарының саны 140 млн адамға жетеді
Ширек ғасырда климат босқандарының саны 140 млн адамға жетеді
2 ай бұрын 1063 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ivan Alvarado / Reuters

2050 жылға қарай климат өзгерісінен күллі әлем бойынша 150 млн-нан аса адам қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Бүкіл әлемдік банк дерегін келтірген климат өзгерісі жөніндегі конвенцияның бұрынғы вице-президенті Андрей Божичке жөн сілтеген Report ақпарат көзіне сілтеме жа сай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Африка құрлығынан, Азияның оңтүстігінен және Латын Америкасынан 1 млн адам климат босқынына айналады. Алдағы ауа райы апаттары егістік алқаптарының жоғалуына, азық-түлік пен су ресурсы үшін қатал бәсекелестікке және азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалау аймақтары азая бастайды. Соғыс пен қарулы қақтығыс салдарынан бүлінген дамушы елдердің экономикасы климаттың өзгеруіне байланысты одан ары кері кетеді. Шатқаяқтаған экономика жаһандық жылыну қарқынына байланысы қалпына келмейді. Еуропалық қауіпсіздік институтының бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес табиғи апаттардан (дүлей дауыл, қалың нөсер, тасқын-сел, зілзала, орман өрті, т.б.) 2019 жылы 24 миллионнан астам адам ата жұртынан «ауып» кеткен. Дамыған елдердегі мигранттар мәселесі бүгінгі күні де өзекті күйінде қалып отыр. Егер мемлекеттер климаттық дағдарысқа қарсы нақты әрекетке көшпесе, жаһандық мәселе ушыға түседі, деп ескертеді сарапшылар.

0 пікір
Мұрағат