|
Шартарап: Саудиялық қарт Эверестен әйеліне сәлем жолдады (ВИДЕО)
|
Ахмет әл-Ғамди есімді алпыстың асқарына шыққан қарт әлемді саяхаттағанды және биік шыңдарды бағындырғанды жақсы көреді. Эверест тауында жүріп те әйелін ұмытпаған екен: видео арқылы сәлем жолдады. «Ғамди 42 жыл бойы некеде тұрған әйеліне және балаларына сәлем жолдайды»,- деген оның сөзін "IslamNews» ақпарат көзі келтірген екен. «Менің баға жетпес асыл жарым Умм Фаъд, 42 жыл некеде тұрғаның үшін саған алғыс айтамын»,- деді ол видео жолдауында. «Егер сен биіктен қорықпағаныңда менімен осы жерде болар едің, қажет болса, сені арқалап жүрсем де»,- деді артынша сөзін сабақтап. Сондай-ақ, ол тек әйеліне ғана емес, балалары мен келіндеріне де, немерелеріне де сәлем жолдаған. Саудиялық қарт осылай дей келе Алланы ұлықтап, дұға етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды