Шартарап: Қытайдағы алапат құйын 78 адамның өмірін жалмады (видео)
Шартарап: Қытайдағы алапат құйын 78 адамның өмірін жалмады (видео)
8 жыл бұрын 3839 24.kz telegraph.co.uk

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында алапат құйын салдарынан 78 адам көз жұмды. Жарақат алғандардың саны жарты мыңға жуықтайды. Ұйытқыған желден кейін жауын мен бұршақ жауды. Электр бағаналары мен жарнама тақталары құлаған. Соның кесірінен тұрғындар жарықсыз отыруға мәжбүр. Бірқатар үй опырылып түсті. Ал жергілікті билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. 

Үндістанда найзағайдан қаза тапқандар саны 130 адамға жуықтады (видео)

Үндістанда екі тәулік ішінде найзағай түсіп қаза тапқандар қатары 128 адамға жетті. Тағы 80-нен астам тұрғын суға батып және құлаған шатырлар мен ағаштардың астында қалып ажал құшқан. Осылайша, табиғи апаттардан мерт болғандардың жалпы саны 200-ден асты. Марқұмдардың көбі Бихар штатынан. Мұнда 72 адам мерт болды. Арасында 3 бала бар. Бұдан басқа 300 бас мал қырылып, 900 гектар ауылшаруашылық алқабы жарамсыз болып қалған. Елдің солтүстік-шығысында толассыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, жергілікті инфрақұрылым нысандары істен шығып, электр желілері үзіліп, жолдарды шайып жатыр. Айта кетейік, найзағай – Үндістанда жаз бойы тоқтамай жауатын жаңбыр маусымы кезінде жиі кездесетін табиғи құбылыс. Бұл елде жыл сайын 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін тұрғын жан тапсырады.

 

0 пікір
Мұрағат