Шартарап: Күн кометаны ерітіп жіберді (видео)
Шартарап: Күн кометаны ерітіп жіберді (видео)
8 жыл бұрын 3504 24.kz, gismeteo, stan.kz Г.Абилова

http://earth-chronicles.com/space/the-sun-is-approaching-the-unknown-comet Америкалық ғарыш агенттігі (NASA) түсірген ролик ғаламторда пайда болды. Күнге қарай сағатына миллионнан астам шақырым жылдамдықпен желіген комета оған жақындай бере еріп, жоқ болып кетті. Құйрықты жұлдыздың соңғы сәттерін «Solar and Heliospheric Observatory» (SOHO) аппараты түсіріп алып, Жерге жіберген. НАСА бұл материалды әуелі gif-сурет түрінде, артынша бейнеролик етіп жариялатты. Агенттік кометаның Күнге соқтығысып, жарылып кеткені туралы пікірдің қате екендігін, құйрықты жұлдыздың Күнге ұшып жетпестен, оның ыстығына төтеп бере алмай, еріп, жоқ болып кеткендігін айтты. Ғалымдардың пікірінше, бұл жұлдыз Крейц кометаларының бірі болуы мүмкін. 


Фотограф Айды жақыннан түсіріп көрсетті (видео)

Француз фотографы Даниэль Пеллитье 83 кратты «Nikon Coolpix P900 «оптикалық камерамен Айды видеоға түсірді. Бұл аппарат оқиғаны 83 есеге жақындата алады. Фотограф Айды жақыннан түсіріп, оның әрбір элементін зерттеуге болатынын айтады. 2015 жылдың наурыз айында неміс фотографы Лотар  Ленц те Айды осы аппаратпен түсірген болатын.

0 пікір
Мұрағат