Шартарап: Дрон Петра қаласында көне ескерткішті тапты (ФОТО)
Шартарап: Дрон Петра қаласында көне ескерткішті тапты (ФОТО)
8 жыл бұрын 2582 Stan.kz

Археологтар көне Петра қаласында ұзындығы олимпиадалық бассейнмен бірдей ескерткішті тапты. Көне жұртты ескерткішті сипаттайтын ғылыми еңбек "Bulletin of the American Schools of Oriental Research" мерзімді басылымында жарияланған. Оның суреттері "National Geographic" сайтында орналастырылды. 

Петра - біздің дәуірімізге дейін V ғасырда салынып, қазіргі Иорданияның аумағында орналасқан көне қала. Петра ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген.

Археологтар Сара Паркак (Sarah Parcak) пен Кристофер Таттл (Christopher Tuttle) осы аумақта биіктен түскен спутник суреттерін, дрон көмегімен алынған аэрофотосуреттерді пайдаланып көне ғимарат орнын тапты.  Сондай-ақ оны егжей-тегжейлі сипаттау үшін, арнайы зерттеулер жүргізді.

Табылған ескерткіштің ұзындығы 56 метрге жуық және ені 49 метр төрт тағанды құрылыс.

Оның үстінде көлемі 8,5*8,5 метрлік ұсақ платформа тұр. Ғалымдардың пікірінше, ол кезінде ғимарат болған. Ірі платформаның шығыс жағында оған апаратын баспалдақтың соңында орналасқан колонналардың іздері табылды.

  3

2

Әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жақында пайдалануға беріледі (фото)

Әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жақында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды қытайлық «Синьхуа» ақпарат агенттігі.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында салынып жатқан FAST - 500 метрлік апертуралы сфералық радиотелескоп құрылысы аяқталуға жақын. Объектінің жалпы ауданы шамамен 250 мың шаршы метр. Қазіргі уақытта барлық панельдер орнатылып біткен, оны ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

null

0 пікір
Мұрағат