Шартарап: 13 млн Америка халқы босқынға айналуы мүмкін
Шартарап: 13 млн Америка халқы босқынға айналуы мүмкін
8 жыл бұрын 3137 24.kz inform.kz Gazeta.ru Bloomberg

XIX ғасырдың соңына қарай АҚШ жағалауларында тұратын 13 миллион тұрғын босқынға айналуы мүмкін. Оған мұхит деңгейінің көтерілуі себеп. Мұндай жағдайды әсіресе Флорида, Луизиана мен Калифорния штатының тұрғындары бастан кешуі мүмкін. Себебі мұхит суы 180 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін деген болжам бар. Яғни Флорида мен Оңтүстік Каролина штаттарындағы кейбір округтер халқының 80%-ынан айырылуы ғажап емес. Дипак Мишра, Джорджия университетінің профессоры: - Бұл – мүлде жаңа құбылыс. Чесапик шығанағындағы су астында қалған Голландия аралы мен тағы 2-3 аралды мысал ретінде келтіруге болады. Бірақ құрлықтағы тұрғындардың мәжбүрлі түрде көшу жағдайы әлі болған жоқ. Кейбір округтердегі ахуал тіптен қорқынышты. 85 жыл өте қысқа мерзім болса да, ойлануға және көші-қон жоспарын құруға, инфрақұрылымды жасап, адамдарды көшке дайындау үшін мүмкіндік береді. 

Сауд Арабиясы мұнайдан бас тартпақ

Сауд Арабиясының билігі басты кіріс көзі ретіндегі мұнайдан және энергия ресурстарынан  бас тартпақ ниетте. Корольдік қайтарымды энергия көздеріне баса көңіл бөлуге ұмтылып отыр. Бұл туралы Сауд Арабиясының мұнай министрі  Әли әл-Наими мәлім етті. «Мен қайтарымды энергетика үшін Сауд Арабиясынан артық ел табылмас, деп ойлаймын», деп мәлім етті министр. Әл-Наими корольдікте күн сәулесі көбірек түсетінін  және корольдіктегі көптеген аймақтар пайдаланылмай отырғанын атап өтті. Дегенмен әл-Наими таяудағы 50 жыл ішінде мұнайдан толық бас тартатын ел шыға қоймас, деген күдігін де жасырмады. «Таяудағы 50 жыл ішінде адамзат отыннан бас тартпайды, бұл да жаман емес», - деп мәлімдеді әл Наими. Сауд Арабиясы бұдан бұрын да өз экономикасын әртараптандыру, және мұнай экспортына тәуелділіктен арылу жөніндегі ауқымды жоспарын айтқан болатын. 2016 жылғы қаңтардың соңында Сауд Арабиясы «мұнайдан бас тарту» ауқымды жобасын ұсынды.   

0 пікір
Мұрағат