Ресей әскерінің Сириядан кетуін араб әлемі қалай түсінді?
Ресей әскерінің Сириядан кетуін араб әлемі қалай түсінді?
8 жыл бұрын 3986

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің пәрменімен Сириядағы қарулы қақтығысқа белсене қатысқан орыс әскерінің, яғни, негізгі қарулы күштерінің кенеттен ұрысты тастап шығуын әлем сарапшылары мен саясаткерлері түрліше жорамалдауда. Десе де олардың пікірінде шындықтың сұлбасы барын жоққа шығаруға болмайды. Оның үстіне, Ресей тарапының неліктен осындай оқыс қадамға барғанын Владимир Путиннің бұл соғыстың онсыз да санкцияның астында қалып, шатқаяқтаған орыс экономикасына қанша шығын әкелгені турасындағы мәлімдемесінен де аңғаруға болады. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат агенттігі хабар таратты. Осы орайда араб сарапшысы Риад Мұстафа «Пікір білдіргендердің дені Путиннің Сириядан еріксіз кеткенін алға тартуда. Өйткені, осынау шырғалаңы көп соғыстың шыңырауынан шыға алмай, батпақтап қалар еді. Сондай-ақ, Сириядағы орыс сарбаздары үшін тағы бір Ауғанстан пайда бола ма деген үрей де жоқ емес, өйткені, америкалықтар мен оның одақтастары Ресейді осынау титықтатып бітіретін соғысқа әдейі тартып отырғанын, яғни, ұйыққа итеріп отырғанын Путин кеш түсінді»,-деген пікірін ортаға сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Сондай-ақ, РФ президентінің Женева қаласындағы дипломатияға ерекше мән беріп отырғанан айта кету керек. Яғни, Ресей тарапы бұл соғысты қарудың күшімен емес, мәмілемен шешуге ынта қойып отыр. Ресей үшін геосаяттағы мүддесін қорғаудың бұдан өзге жолы қалмаған еді. Кейбір араб саясаттанушылар мен сарапшыларының айтуынша, мұнай бағасының түсуі, Сауд Арабиясы королінің Мәскеуге сапары, Ресейдің экономикасына оң әсер ететін мұнай өндіруді азайту турасында королмен ықтимал келіссөзі  де Путиннің осындай қадамға баруына өз септігін тигізді десе де болды. Айта кетейік, Сауд Арабиясы РФ қарулы күштерінің Башар Асад жағында Сириядағы ұрысқа қатысқанына оң қабақ білдірген емес. 

0 пікір
Мұрағат