Сбер ислами қаржы бойынша курс өткізеді
Сбер ислами қаржы бойынша курс өткізеді
2 жыл бұрын 2038 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейдегі рейтингісі жоғары Сбербанк банк қызметкерлері мен клиенттері үшін «Ислами қаржы» онлайн-курсын өткізуді бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оқу бағдарламасы екі академиялық сағатты қамтиды, «СберУниверситета» сайтында ашық мәлімет көзінен таба аласыз. Аталмыш курске қатысатындар ислам экономикасының өзіндік ерекшелігі мен шариғат талаптарына сай қаржыландыру қағидалары, сондай-ақ, ислам банкингіндегі активтер туралы маңлұматтар ала алады. Курста инфографика, сарапшылармен тілдесу, шағын сынақтар, т.б. секілді құралдар мен әдістер қолданылады. Курстен толық өткендер «СберУниверситета» сайтының сертификатына ие болады. Сбербанк қаржы мекемесінің аға вице-президенті Олег Ганеевтың айтуынша, мұндай жоба бүгінгі күннің талабына сай қолға алынып отыр – жылдан жылға ислам қаржы тақырыбына ден қойғандар мен мұсылмандар қарасы артып келеді. Шариғат талабы ескерілетін мұндай сегментте қаржылық қызмет көрсетуге сұраныс артып келеді. 

Ұқсас материалдар:

«Ресейде тұңғыш рет халал биржа индексі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/reseide-tungysh-ret-halal-birja-indeksi-paida-boldy-15899/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат