Саудияның ядролық амбициясын саясиландырудың астарында не жатыр (жалғасы)
Саудияның ядролық амбициясын саясиландырудың астарында не жатыр (жалғасы)
4 жыл бұрын 2908

Басы мына сілтемелерде: https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-14018/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14029/#gsc.tab=0

Саудия өзнің ядролық бағдарламасын дамыту үшін бұл салада жәрдем беруден бас тартпайтын кез келген ядролық державамен ынтымақтасатынын жоғарыда айтып өткенбіз. Мейлі ол жаппай қырып-жоятын қаруға ие болғаны үшін әлемнен оқшауланған Солтүстік Корея болсын, мейлі Пәкістан болсын, Иранмен арадағы текетірестегі өзінің қауіпсіздігі үшін мұндай қадамға барады. Оның үстіне, Саудия көштен қалмау үшін ең алдымен энергетика саласын әртараптандыруға, соның ішінде жаңғыртпалы энергия көздерінен бастап атом энергетикасына дейін пайдалануға мүдделі. Оның үстіне, мына бір фактіні елеусіз қалдыруға болмайды: Пәкістан өзінің ядролық бағдарламасын дамыту үшін Саудиядан қаржылай көмек алған ел. Есесіне, Саудия мемлекет қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда Пәкістаннан ядролық технологияны, тіпті, ядролық қарудың өзін алуы мүмкін. Сарапшылардың дені осындай пікірде. Яғни, Саудияның ядролық технологияны игеруге, ядролық қаруға ие болуына Пәкістан көмектеседі  Бүгінгі таңда Саудия бұл салада Қытаймен ынтымақтастық орнатқанына қарамастан.  Оның үстіне, Пәкістан Саудияның стратегиялық одақтасы. Саудия Иранмен арадағы текетіресте АҚШ-қа толық сенім артып отырмағанын айтады сарапшылар. Енді мынадай сауал туындайды: Саудия билігі неге бірден Пәкістанның көмегіне жүгінбеді? Неге Қытаймен ынтымақтастық орнатып отыр бұл салада?  Сарапшылардың айтуынша, Саудия осылайша – Қытаймен ынтымақтастық орнату арқылы АҚШ-қа ядролық саладан өзге де саяси мәселелер бойынша қысым көрсетуге талпынып отыр.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат