|
Саудиялықтар шөлдің қақ ортасында тау шаңғысы демалыс аймағын салып жатыр (видео)
|
Сауд Арабиясының Neom Territory Development агенттігі тау шаңғысы курортының құрылыс алаңынан (Тройен жобасы) жаңа видео жариялады. Ол Ақаба шығанағы жағалауынан шамамен 50 шақырым жерде, таулы аймақта, 1500-ден 2600 метрге дейінгі биіктікте салынуда. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2026 жылға қарай туристік кешен, оның ішінде көптеген қонақүйлері бар шаңғы қалашығы, сауықтыру кешені, обсерватория, кристалды зәулім ғимарат және табиғи қорық салу жоспарлануда. Үш жылдан кейін, 2029 жылы «Троен» қысқы Азия ойындарының алаңына айналады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады