Саудиялық сарбазды грузин броневигі сазға отырғызып кетті (ВИДЕО)
Саудиялық сарбазды грузин  броневигі сазға отырғызып кетті (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2942

Йемендегі әскери операцияға қатысқан саудиялық сарбаз грузиндердің «Didgori Medevac» деп аталатын бронеавтокөлігінің сын сағатта аяқ астынан бұзылуына байланысты қолайсыз жағдайға тап болды. «Әскери жаршы» ақпаратына қарағанда, бұл келеңсіз жағдай тамыз айының 24-і күні орын алған. Нақтырақ айтқанда, Нажран ауданында жүріп жатқан ұрыс кезінде саудиялық сарбаздарға көтерілісші хусит тайпасының жауынгерлері шабуылдаған. Бей-берекет кері шегінген сәтте аталған әскери техника сыр беріп, сынып қалған. Яғни, алдыңғы доңғалағы жарылған. Оның соңынан шүйлігіп келе жатқан « LAV» бронеавтокөлігі соқтығысады. Хуситтер ол екі әскери техниканы да талқан етеді. Айта кетейік, Грузия Сауд Арабиясына биылдан бастап жалпы сомасы 45 млн долларға түрлі әскери техникамен жабдықтауға көшкен еді.

0 пікір
Мұрағат